$491.71 €529.97 ₽5.05
×

ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанның көмірін Украинаға жеткізуде қиындықтар бар - Н.Радостовец

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1056
ЭКСКЛЮЗИВ: Қазақстанның көмірін Украинаға жеткізуде қиындықтар бар - Н.Радостовец

Қазақстанның көмірін Украинаға жеткізуде қиындықтар бар. Өйткені бұл ел Екібастұз көмірін тұтынуға бейімделмеген көрінеді. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинаға металлургия өнеркәсібіне арналған көмір керек. Ал жеткізіліп жатқан қатты отынның көлемі туралы ақпаратты Радостовец "коммерциялық" болғандықтан, жариялауды жөн санамаған сыңайлы.

Николай Радостовец, тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры:

Көмір жеткізуде үлкен қиындықтар бар. Украинаға қуаты жоғары антрацит көмірі керек. Бізде ондай көмір аз, бары негізінен Қарағандыда. Шағын келісімшарттар бекітілді. Ол жаққа кетіп жатыр. Тек жеткізу жағы күрделі. Темір жол көлігінде де қиындықтар бар. Біздегі көмір түрлері Укрианаға қажетті көмірден өзгеше. Олар біздің энергетикаға негіз болған Екібастұз көмірімен жұмыс істеуге бейімделмеген.

Бүгін басталған халықаралық конференцияда қазба байлықтар бағасының айтарлықтай түсіп кеткені тағы да сөз болды. 2013 жылмен салыстырғанда табиғи қазба байлықтар құны екі есе арзандаған. Сондықтан кейбір кәсіпорындар өнімдерін қоймаға сақтап қоюға мәжбүр, өндіріс ауқымы да азайды. Қытайға жеткізілетін металл көлемі қысқарған. Ресей станцияларын өзінің көміріне бейімдеп жатыр. Салдарынан Қазақстан соңғы екі жылда бұл елдегі көмір нарығының 4 пайызын жоғалтты. Енді Иран нарығына жол ашыла ма деген үміт бар. 
  
Айгүл ӘДЕПБАЙ