Әскери
борышын өтеушілерді республиканың түкпір-түкпіріне аттандыру жалғасуда. Кезегін күткен болашақ сарбаздарды әр
аймақтағы әскери бөлімдер шақырып, борышын өтейтін орындармен таныстыруда.
Астанадағы Ұлттық ұланның 5573 бөлімі Ақмола облысы және Астана қаласынан Ұлттық ұлан қатарына алынатын жүзге жуық бозбаланы қарсы алды. Олардың қатарында
жоғары сынып оқушылары да бар. Әскери бөлімнің офицерлік құрамы болашақта сап
түзейтін сарбаздарға Ұлттық ұланның рөлі мен маңызын, атқаратын міндетін
түсіндіріп, қару-жарақ және техникамен таныстырды. Биыл күзгі науқанда 18 бен
27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса ер азамат әскерге шақырылған. Олардың алты
жарым мыңнан астамы Ұлттық ұлан қатарында борышын өтейді.
Берік ХАСЕНОВ