$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Астана» телеарнасында отандық телехикаяның тұсаукесері

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
1289
«Астана» телеарнасында отандық телехикаяның тұсаукесері

Қымбатты көрермен, тура 30 минуттан соң, яғни сағат 21.00-де «Жібек» телехикаясының жалғасы эфирге шығатынын естеріңізге саламыз. Бұл жолы басты кейіпкеріміз Жібектің басына тағы да қара бұлт үйіріледі. Яғни даудың басы сырға салу кешінен басталады. Мирастың ата-анасы бойжеткенге құда түсу үшін Талғаттың үйіне  келеді. Бірақ Мирас  сырғаның Жібекке емес, осы шаңырақтың үлкен қызы Мадинаға салынатынын үйге келген кезде  бір-ақ біліп, ашуға булығады. Мұнан соң Мадина мен оның анасы Жібекке көресіні көрсетеді. Қызықтың бәрі әлі алда.

Сағат 21.00-де «Астана» телеарнасында эфирге шығатын «Жібек» телехикаясында. Өткізіп алмаңыздар.


Базаргүл ОТЫНШИЕВА