$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Парламент Мәжілісі 2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджетке қолдау білдірді

AstanaTV
18.11.2015ж. 20:00
1314
Парламент Мәжілісі 2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджетке қолдау білдірді

Ақордада қаралған мәселе депутаттарға түс қайта жетті. Мәжіліс «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады. Үш жылдық бюджет мұнай бағасы алдағы екі жылда барреліне 40 доллар және 2018-20 жылдары 50 доллар деңгейінде болады деген есеппен нақтыланды. Экономиканың нақты өсуі бұрын мақұлданған деңгейде қалды. Бюджет шығыстары алдағы жылы 7 трлн 666 млрд теңгені құрамақ. Бұл тамыздағы болжаммен салыстырғанда 348 млрд теңгеге жоғары.

Ұлттық экономика министрі Ұлттық қордан 2016 жылға арналған нысаналы трансферттердің де ұлғайғанын айтты. Қосымша бөлінген 105,5 млрд теңге Үкіметтің арнайы резервіне қосылған. Ал Премьер-министр Кәрім Мәсімов жыл соңына дейін бюджетке тағы да түзетулер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жақын арада валюта бағамы айтарлықтай өзгермейтінін айтып, ақша айырбастау операцияларынан ұтылып қалмауға шақырды.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Валютаға деген ұсыныс пен сұраныс теңесті. Қалыптасқан бағам сыртқы және ішкі факторларды ескеріп отыр. Енді валюта алып сататындар барынша азаяды. Ұлттық банк нарыққа сирек араласады. Бұл алтын валюта қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қазіргі курс валютаны жиі айырбастап, табыс табуға мүмкіндік бермейді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ