«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншілес
институттары несиені теңгемен қатар шетел валютасымен беруге әзір. Бұл жөнінде
холдингтің басқарушы директоры Қаныш Түлеушин айтты. Бұл іс «Даму» қоры арқылы
қолға алынған. Әсіресе бизнесті қаржыландыру бойынша қиындық болмайды. Жиында сондай-ақ ЖІӨ көрсеткішінде шағын және орта бизнестің үлесі соңғы екі
жылда 17 пайыздан 25 пайызға артқаны айтылды. Ұлттық қордан шағын және орта
бизнеске бөлінген 100 млрд теңгенің бүгінде 92 миллиардқа жуығы игерілген.
Қаныш
Түлеушин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма мүшесі, басқарушы директоры:
Бұл
холдингтің және еншілес компаниялар жұмысының арқасында жеткен оқиға. Менің ойымша, бұл көлем әрі қарай өсуі мүмкін. Біздің 2050 стратегиясының аясында осы ШОБ
үлесі 50 пайызға өсу керек.
Күрделі
экономикалық жағдайға қарамастан, «Бәйтеректің» активтері 26 пайызға ұлғайып, 3
трлн теңгеге жуықтаған. Сонымен қатар, қор басшылығының мәліметінше, несиелік
портфель де айтарлықтай өсіп отыр. Қордың басқарушы директоры Қаныш Түлеушиннің
сөзінше, бірқатар әлемдік қаржы
институттары Қазақстан экономикасына инвестиция салуға әзір. Мысалы, ірі
жобаларға 6 млрд 50 млн доллар және 120 млн еуро, шағын және орта бизнеске
қолдау ретінде 370 млн доллар мен 150 млн еуро инвестиция тарту жөнінде тиісті
келісімдер бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ