«Агробизнес-2020» бағдарламасының уақытылы
орындалуы екіталай. Агроөнеркәсіп саласының инновациялық дамуын зерттейтін
жұмыс тобының отырысында осындай қорытынды жасалды.
Мамандар пайымынша, 4
жыл ішінде еліміз өзін-өзі 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды.
Дүкен сөрелеріндегі азықтың дені сырттан келеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы
еңбек өнімділігі бізде Еуропа елдерімен салыстырғанда 5 есе кем. Климаты ұқсас
Канада мен АҚШ астық жинау жөнінен 3 есе озып кеткен. Мамандар зерттеу
нәтижелеріне сай бірқатар ұсыныстар жасап, ауыл шаруашылық министрлігімен
бірлесе жүзеге асыруға ниетті.
Салим
Мифтахутдинов,
"Үйлесімділіктің жаһандық технологиялары" ТҰК президенті:
Ауыл шаруашылық
министрлігі еліміз өзін-өзі 80 пайыз азық-түлікпен қамтамасыз етеді деп
мәлімдеді. Уақыт өте, бұл сан 60 пайыз деп өзгертілді. Кейін 80 пайыз тек Алматы
мен Астана қалаларына қатысты деген жаңа ақпарат шықты. Бағдарлама 4 жылдан соң
аяқталатынын ескерсек, оның жүзеге асарына күмәніміз бар.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА