$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тобыл өңірінде бір айдың ішінде 7 адам суға кетті

AstanaTV
18.11.2015ж. 20:00
1704
Тобыл өңірінде бір айдың ішінде 7 адам суға кетті

Қостанай облысында бір айда 7 адам суға кетті. Құтқарушылар әсіресе балық аулауға шыққан тұрғындардың аса сақ болуы қажеттігін ескертеді. Өзен- көлдердің үстінде жүру өте қауіпті.

Ескертуді елемей, саябақ маңындағы тоғанда сырғанап жүрген Арқалықтың қос тұрғыны опырылып кеткен мұздың астында қалып, ажал құшты. Ал, Қаратомар су қоймасына балық аулауға келген азамат та қайғылы жағдайда қаза тапқан. Қараша айының басында Тобыл өзені тағы 4 адамның өмірін жалмады. Өзен арқылы тезірек үйіне жетпек болған ауыл тұрғындары жұқалтаң мұздың үстімен жүремін деп бақытсыз жағдайға тап болды. 

Арон Байғожин, солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:

Мұздың қалыңдығы кем дегенде 7 см болуы керек. Сол кейбір жерлерде 7 см болғанның өзінде, жұқа тұстары кездесіп жатады. Сондықтан мұз толық қатқанша балықшылар мен балаларды мұздың үстіне шықпауды ескертеміз.

Заңғар САНАЙ