Орал
қаласына кіре беріске үлкен әріптермен жазылған шаһар атауы орнатылып жатыр.
Бұл іске жергілікті бюджеттен 10 миллион теңге бөлінген. Қалалық тұрғын үй
коммуналды шаруашылығы бөлімінің мамандары бұл жөнінде арнамыздың тілшілеріне
хабарлады.
ОРАЛ
деп үлкен әріптермен жазылған композицияның биіктігі он метр. Конструкцияның
табанын барынша мығым ету үшін, іргетасына 20 тоннадай бетон құйылған. Күн мен
желден қорғайтын, жауын-шашынға төзімді металлдар қолданылды. Құрылыс жұмыстары
1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Алып төрт әріптен тұратын жазудың
неге соншалықты қымбатқа түскенін, мамандар былай түсіндіреді.
Мирас
Мүлкай, Орал қалалық ТҮКШ, жолаушылар
транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы:
Осы
әріптердің биіктігі 10 метр және Орал қаласының таңбасы орналасады. Қазіргі
уақытта бетондық жұмыстар, металлоконстуркция орнату жұмыстары, электр қуатымен
қамтамасыз ету жұмыстары қалды. 20 тоннаға жуық бетон құйылады, әріптер тұратын
металлоконструкциялар және 2 км жуық кабель тартылып, жарық шамдары орнатылады.