Жалғыз
басты әке алимент талап етуде. Бұған қатысты сот процесі Павлодар облысының
Ертіс ауданында өтті.
Жиырма алты жастағы жігіт баланың анасымен
заңды некеде тұрмаған. 2009 жылы екеуінің ұлы дүниеге келеді. Бала бір жасқа
толғанда анасы күйеуімен қоса сәбиді де тастап кеткен. Араға бес жыл салып
жалғыз басты әке азаматтық әйелінің үстінен сотқа арыз жазды. Сәбиді бағып-қағу
қиын болғандықтан, әйелден алимент өндіріп алмақ.
Жанар
Абылғазина, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:
Қазір
бала алты жасқа толды. Арыз беруші соттан оның әкелігін анықтап, баланың
анасынан алимент өндіруді сұраған. Соттың шешімі бойынша арыз
қанағаттандырылды.
Берік ХАСЕНОВ