Қазақстан
бокс федерациясының 2016 жылғы кубогі үшін өтетін жекпе-жектердің топтары
анықталды. Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстың құрамалары төрт
топқа бөлінген. Жеребе мықты құрамалар бір топқа түсіп қалмайтындай етіп
тасталды. Өткен жыл кубогінің үздік төрттігі - Астана, Оңтүстік Қазақстан,
Алматы және Маңғыстау облыстары төрт
топқа іріктелді.
Бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Болат Абдрахманов,
командалардың қарқыны күшті, бәсеке жоғары, дейді. Жарыстың бір де төрт
кездесулері қыркүйектің 8 мен 11 аралығында өтеді. Ақтық кездесулер жоспар
бойынша желтоқсанда өтуі тиіс. Басты бокс бәсекесінің сыйақысы өзгеріссіз.
Болат
Абдрахманов, бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:
Ең
мықтылары жеңіске жетеді. Финалда кім бірінші орын алады, сол 25 миллион қаржы
бөлінеді бірінші орын алған командаға. Келесі жылғы кубокта сол мәселесін
бюрода шешеді. Сол 25 миллионды үш командаға бөліп береміз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ