Ресейлік
сыр мен қырғыздың сары майынан аса қауіпті ішек таяқшалары анықталды. Бұл
өнімдер еліміздегі дүкендерде еркін саудаланып келген. Тұтынушылар құқығын
қорғау қоры кезекті қара тізімді жариялады. Оған ұзын-саны 50 шақты азық-түлік еніп отыр. 25 түрлі балық, 17 сүт
және 16 түрлі ет өнімдері. Өндірушілер - Қырғызстан, Украина, Латвия және Ресей.
Ең қауіпті ішек таяқшалары ресейлік балқытылған «Гауда»
ірімшігінен, қырғыздың «Крестьянское» сары майынан анықталды. Сапасыз өнім
шекарадан қалай өтіп кеткені бемәлім. Барлығы дүкен сөрелерінде тұрған жерінін
тәркіленді. Кейбір өнімдердің шығарылған күні де жазылмаған. Бұған көз жұма
қараған сатушылар мен өндірушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, аталған өнімдерді саудалауға енді мүлдем тыйым салынуы мүмкін.
Ержан
Жүнісов, қазақстандық тұтынушылар құқығын қорғау қорының төрағасы:
Жалпы
бактериялар табылған қалаларымыз Ақмола облысындағы магазиндер, Алматы
облысында сүт өнімдерінен. Ет өнімдерінен Қызылорда облысының магазиндерінен табылып отыр.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ