Қазақстанда
оқушылар 2016 жылдан бастап 5 күндік білім кестесіне көшуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады. Министрдің айтуынша, орта
білім беру жүйесі жаңа стандартқа көшкелі тұр. Жаңа оқу жылынан бастап жаңа
бағдарлама 30 мектепке сынақ ретінде енгізілмек. Жаңа оқулықтар да тексерілмек.
Аслан
Сәрінжіпов,
ҚР Білім және ғылым министрі:
Жаңа
стандартта 5 күндік білім беру жүйесі қарастырылған. Яғни көптеген мектептерде
5 күндік сабақ болады. Тек үш ауысыммен оқитын мектептерде алты күндік сақталуы
мүмкін. Бірақ ол бірді, екілі жағдай болады. Жаңа стандарт бойынша бағытымыз -
оқушыға салмақты арттырмай, 5 күндікке ауысу.
Айгүл ӘДЕПБАЙ