$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тамыздан бастап Атырауда ауыз су тарифі 50 пайызға қымбаттайды

AstanaTV
13.07.2015ж. 20:00
1274
Тамыздан бастап Атырауда ауыз су тарифі 50 пайызға қымбаттайды

Тамыз айынан бастап Атырауда ауыз суға қарапайым тұрғындар әдеттегіден 50 пайызға, ал заңды тұлғалар 70 пайызға қымбат төлейді. Яғни тұрғындар 1 текше метр су үшін бұған дейін 68 теңге 28 тиын төлеп келсе, енді жаңа тариф қалтадан 101 теңге 33 тиыннан қағады. Ал текше метр суға 189 теңге төлеп келген заңды тұлғалар келесі айдан бастап 316 теңгеден жұмсайды. Кәсіпорын бұл қомақты қаржымен соңғы кезде еселеп артқан шығындарын жауып, су құбырларын жаңартып, қуат көзін үнемдейтін жабдықтар сатып алмақ. «Атырау Су арнасы» кәсіпорнының сұранысын облыстық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті қанағаттандырып үлгерді. 

Әлсейіт Сабыров, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау депаратаменті басшысының орынбасары:

Сараптама жүргізілді. Менің ойымша, тариф сәйкес келеді. Енді бұл тариф алдағы бес жылға дейін өзгермейді.

Алайда тұтынушылар наразы. Облыс орталығында алғашқы қарсылық акциясы да өтіп үлгерді. Тұрғындар жаңа тариф айтарлықтай салмақ, - деп санайды. Оның үстіне кәсіпорынның көрсететін қызметіне еш көңілдері толмайды. Айта кетейік, соңғы рет өңірде ауыз су тарифі 2013 жылы өскен еді. Онда 1 текше метр судың бағасы жеке тұлғалар үшін 45 теңгеден 68 теңгеге бір-ақ секірген. 

Жылдан жылға қымбаттайды. Ремонт жасап жатқан жоқ су құбырына.

50 пайыз көп қой тіпті. Бюджетте жұмыс жасаймыз, табатынымыз 40 мыңға жете ме, жетпей ме. Квартплата төлейміз бе, тамақ аламыз ба, киінеміз бе? 


Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ