$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Астанада велоинфрақұрылым нашар дамыған - сарапшылар

AstanaTV
14.07.2015ж. 20:00
1318
Астанада велоинфрақұрылым нашар дамыған - сарапшылар

Астанада соңғы екі жылда велосипедшілердің саны үш есеге артқан. Қазіргі күні «велосипед» адамдардың өмірінде күнделікті қолданатын құралына айналып отыр. Алайда, Елордада велоинфрақұрылымың нашар дамуы табиғи таза техниканың жаппай қолдануына қолбайлау болып отыр, - дейді велосипедпен жүруді зерттейтін және насихаттайтын компания өкілдері.

Астанада веложолдарды былай қойғанда, велосипед тұрағының өзі тапшы. Тек белігілі бір ғимараттардың жанында болмаса, көшенің кез-келген жерінен «велотұрақты» табу қиынға соғады. Сонымен қатар, жаңа жол қозғалысы ережесіне сәйкес велосипедпен тротуарда жүру заңмен қудаланады. Соның салдарынан велосипедшілер бастарын қауіпке тігіп көліктер жүйткіп жүрген жол жиегінде жүруге мәжбүр.

Астананың велоинфрақұрылымының даму жолдарына арналған дөңгелек үстел барысында түйткілді мәселенің шешу жолдары қаралды. Жиын барысында сарапшылар веложолдармен велотұрақтарды тұрғызу арқылы мәселе шешілмейтіні айтылды. Ең бастысы - «велосипедті» арнайы транспорттық құрал ретінде танып, кейбір заңдарға өзгертулер енгізу қажеттілігі қарастырылды.

Алмагүл Қасымова, «VELOBIKE.KZ» ЖШС директоры:

Жолда жүру ережесіне велосипед арнайы транспорттық құрылым ретінде қарастырылса, яғни шектеулер, арнайы жолда жүру белгілері қарастырылса, осы велосипедтерге арналған деген ұсыныстар көтеріп, жол- көлік құрылымдарына, жол комитетіне және де мынау біздің мемлекеттік құрылымдарға  ұсыныстарымызды жібереміз, ары қарай соны қолға алып, ілгерілетуге тырысамыз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ