×

Жамбыл облысында жаңа емхананың құрылысы сапасыз аяқталған

AstanaTV
15.07.2015ж. 20:00
1583
Жамбыл облысында жаңа емхананың құрылысы сапасыз аяқталған

Жамбыл облысы Меркі ауданына қарасты Қостоған ауылдық емханасы мамандары өздеріне адам баласы аттап баспайтынын айтып шағымданды. Айтуларынша, осыдан бір жыл бұрын ғана пайдалануға берілген ғимарат сапасыз тұрғызылған. Шатыры шұрық тесік, шала төселген еденіне шалынып кетуге болады, дейді. Оған қоса, мердігер компания құрылыс кезінде мекемеге су құбырларын жүргізуді ұмыт қалдырған. Тамшы суға зар болған абзал жандардың арызына ауыл халқы да қосылды. Олар ешқандай да жағдайы жасалмай жатып емхана ел игілігіне берілгеніне күйінеді. Салдарынан 87 млн теңгеге салынған медициналық мекеме науқастарды қабылдауға қауқарсыз болып тұр. 

Жанар Бабижанова, Жамбыл облысы Меркі ауданы Қостоған ауылдық емханасының акушері:

Суық мына жерде. Капельницаға жатқан адамдар қатып, «Ойбай мына жер суық», деп шаңым айтады бізге. Біз газ кірмегеніне, су кірмегеніне кінәлі емеспіз. Бізге кір-кір деді. Кірдік осындай жұмысы аяқталмаған ауруханаға. Бәрін өтірік-өтірік істеп кеткен. Ана есіктің алды құлап жатыр.

Былтырғы жылдың сәуір айында пайдалануға берілген ауылдық амбулатория Жамбыл облысы әкімдігінің тапсырымен тұрғызылған. Емхананы ел қазына-қаржысына салса да, Меркі ауданы әкімдігі қазіргі жағдайына жауап беруден ат тонын ала қашты. Ал, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, бәрін реттейміз деп, сендірді. 

Әділет Ахатаев, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және АЖ басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі 23 сәуірде аудан әкіміне міне 9 пункт, 4 пунктта «Қостаған ауылының дәрігерлік амбулатория пунктін сумен қамтамасыз етсін» деген тапсырмасы бар еді. Ол бүгінгі таңға дейін орындалды ма орындалмады ма - білмедім. «Қамқор» ЖШС салған». Енді құрылыс қыс айларында жүргізілді. Аздаған кемшіліктер болды. Оның 3 жылдың кепілдемесі бар.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ