$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Славян базары-2015» байқауын бағындырған алғашқы қазақстандық

AstanaTV
16.07.2015ж. 20:00
1374
«Славян базары-2015» байқауын бағындырған алғашқы қазақстандық

«Славян базары-2015» байқауын бағындырған алғашқы қазақ өнерпазы. Витебскте өткен эстрада орындаушылары конкурсында Гран-при жүлдесін және арнайы «Лира» сыйлығын  иеленген әнші Димаш Құдайберген қазақ әндерін әлем сахналарында танытуға бел буғанын мәлімдеді.

Еске салайық, жас талант Белоруссияның Витебск қаласындағы Жазғы амфитеатр сахнасында өзінің өнерімен көрермендерді және төрешілерді тәнтті етті. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинап, байқау барысында оқ бойы озық болды. Бір ауыздан жоғары ұпай жинаған жерлесіміз байқау жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов - «Славян базары-2015» байқауының 24 жылдық тарихында жеңімпазы атанған алғашқы қазақстандық әнші. Музыкалық байқау көптеген елдерде көрсетілгендіктен, жас әншіге түрлі ұсыныстар да түсіп жатыр екен.

Димаш Құдайбергенов, «Славян базары-2015» байқауының гран-при жүлдегері:

Ресей арналары, Украина арналары және Румыния арналары өздерінің музыкалық жобаларына шақырып жатыр. Сол себептен, егер де шақыртуларынан, сөздерінен қайтып алмаса, сол жобаларда қазақша әндерді айтқымыз келеді. Қазақ әнін орындап, бүкіл әлемді таң қалдыруға болады. Өйткені қазақтың колоритін әлем әлі көп біле білмейді.  

Берік ХАСЕНОВ