$533.61 €621.07 ₽6.78
×

«Фараон» туристік компаниясы саяхатшыларға өтемақы төлеуді бастады

AstanaTV
17.07.2015ж. 20:00
1622
«Фараон» туристік компаниясы саяхатшыларға өтемақы төлеуді бастады

Қарағандыдағы «Фараон» туристік компаниясы жапа шегушілерге алғашқы өтемақыларды төлей бастаған. Әзірге отыздай тұтынушы саяхат үшін жұмсаған ақшаларының жартысын алыпты. Бұл жайында компанияның заңгері хабарлады.  

Компанияның бас ғимаратында жапа шеккендерден жазбаша шағымдар қабылданып, жолдамаларға ақша төлегендері туралы түбіртектерді тіркеуде. Бұл айғақтар полицияға тапсырылған құжаттармен салыстырылмақ.

Еске салсақ, ай басында жүзден астам саяхатшы Түркия, Грекия және Қырғызстан курорттарына жолдама алғанмен, жете алмай қалған болатын. Шығын көлемі шамамен 80 мың АҚШ долларына жуықтайды. "Фараон" компаниясы өкілдерінің мəлімдеуінше, келеңсіздік Алматы мен Түркиядағы операторлардың жауапсыздығы кесірінен орын алған.

Қазір компания басшысына бұлтартпау шарасы қолданылған, яғни ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Тергеу амалдары əлі аяқталған жоқ. Ал, туристік компания басшысы қарыздарын қайтару үшін туыстарымен бірге жекеменшік мүлкін сатуда, тіпті пəтерін де саудалады, - дейді туристік компания заңгері.

Айдос Қожахмет, Қарағанды қаласындағы «Фараон» туристік компаниясының заңгері:

Келушілер өте көп. Өтемақыны біреуіне беріп, келесісін құр жібере алмаймыз. Қолда барды бөліп төлеп жатырмыз. Кепілдендіретін хат таратылған. Туыстарымыздың көмегімен қыркүйекке дейін толық төлеп бітіреміз деген ойдамыз.

Айжан ҚУАШ