Болашақта
жасөспірімдердің құқығын қорғайтын жаңа заң қабылдау керек. Балалар құқығына
арналған баспасөз мәслихаты барысында осындай бастаманы «Құқық» қоғамдық
қорының басшысы Ольга Рыль көтерді.
Оның айтуынша, заңда кәмелеттік
жасқа толғандардың жеткіншек жаста жасаған зорлау, кісі өлтіру және
терроризмнен басқа қылмыстарын «өшіріп» тастау қарастырылып отыр. Осындай тәсіл
Әзірбайжанда кеңінен қолданылады екен. Маман бұл қадам балалардың кедергісіз
өмір сүруі үшін керек деген ойда.
Ольга Рыль, «Құқық» қоғамдық қорының басшысы:
Қазіргі
күні тек мемлекеттік органдар ғана емес, жеке құрылымдар да жұмысқа
сотталмағандарды, мейлі ол ағаттықты жастық шағында жасаса да, алмауға тырысады.
Біз сондықтан осы заңның аясында балалардың 18 жасқа дейін жіберген қателіктері
өшірілгенін көздеп отырмыз. Баланың жастық шақта шалыс басқан қадамы бүкіл
өмірін шатқаяқтатпауы қажет.
Берік ХАСЕНОВ