$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Бес институционалдық реформа: білім және ғылым саласындағы міндеттер Алматыда талқыланды

AstanaTV
17.07.2015ж. 20:00
2281
Бес институционалдық реформа: білім және ғылым саласындағы міндеттер Алматыда талқыланды

Ғылыми жобаларды коммерцияландыруға, мейілінше өндіріске енгізуге мән беріледі. Елбасының 5 институционалдық реформасының ғылымға қатысты тұсын талқылаған ғалымдар бүгін осыны мәлімдеді. Ұлт жоспарын орындаудағы білім және ғылым саласындағы міндеттердің маңыздылығы да осында. Ол үшін жаратылыстану және техникалық ғылымдарға түбегейлі назар аударылмақ.

Қазақстандағы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясын басқаратын Нұртай Әбіқаев жиында екі мәселеге назар аударды. Біріншісі, ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыруға негіз болатын инновациялық кластерлер құру. Екіншісі, ғылыми және ғылыми техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін қалыптастыру. Министр Аслан Сәрінжіпов бұған жауап ретінде, «арнайы заң жобасы» дайындалып жатқанын айтты. Елімізде бүгінге дейін 2 мыңнан аса ғылыми жобалар қаржыландырылған. Қазақстан ғалымдары отандық өндірісті дамыту үшін 1,5 мыңға жуық патент алып, жұмыс істеп жатыр, - деді Білім және ғылым министрі. 

Ақан Бижанов, ҚР Парламенті Сенаты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет төрағасы:

Мына бизнесті ғылым жұмыстарына тікелей араластыру керек. Неге десеңіз, жалпы халықаралық тәжірибеде бизнестің тікелей арласуымен көп мәселелер әсіресе ғылым саласында шешіліп жатыр. Оған да тиісті құқықтық база керек. Бізде көп ғылыми жұмыстар ашылып та жатыр. Бірақ соны өндіріске енгізу, жаңғырту тапшы. Ғылыми сала бес жылдың арасында екі есеге өсіп, 50 млрд теңгеге жетті. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ