$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оңтүстік Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған 350 жүкті жасөспірім қыз есепте тұр

AstanaTV
20.07.2015ж. 20:00
1542
Оңтүстік Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған 350 жүкті жасөспірім қыз есепте тұр

Үрейлі статистика. Оңтүстік Қазақстанда кәмелетке толмаған 350-ден аса жүкті қыз есепте тұр. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметіне сәйкес, өңірде жасы 17-ге толмаған 350-ден аса жүкті қыздың есепте тұрғаны анықталды. Олардың арасында тіпті 12 жасқа толмағандар да бар екен. Мамандардың айтуынша, ерте жүктіліктің соңы жағымсыз әрекеттерге әкеп соғады, кәмелетке толмаған қыздар мен жаңа туылған сәбилердің денсаулығына кері әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Жыныстық және репродуктивтік саулық жөніндегі қазақстандық қауымдастықтың басшысы Галина Гребенникова жасөспірімдер арасындағы «жүктілік» деңгейінің жоғары қалыпта сақталып отырғанын айтқан болатын - Қазақстандағы жүктіліктің жалпы санының 3 пайызына тең. 

Бексұлтан Тұтқышев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

Оңтүстік Қазақстанда жүкті болған 350 жасөсіпірім тіркелсе, Қазақстанның басқа өңірлерінде ондай жағдайлар жүзден асады. Олардың ата-анасы, бауырлары бар. Мұндай жағдай қайдан туындайды? Бұл жұмыс мемлекеттікі емес, ата-ананың мойнында. Мемлекет баланы өмірге келген күннен бастап тәрбиелей алмайды. Тәрбие мәселесіне жас кезінен бастап көңіл бөлу аса маңызды. Әсіресе әлеуметтік желілерден келер қауіп-қатер көп.

Берік ХАСЕНОВ



{+