$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Таразда анасынан аяусыз таяқ жеген жеті жастағы бала мен оның шешесіне кезекті сараптама тағайындалды

AstanaTV
20.07.2015ж. 20:00
1661
Таразда анасынан аяусыз таяқ жеген жеті жастағы бала мен оның шешесіне кезекті сараптама тағайындалды

Таразда анасынан таяқ жеген жеті жастағы бала туралы жаңа дерек. Полиция баласын ұрып-соққан әйелге қатысты қосымша сараптама тағайындалғанын хабарлады. Енді ана мен бала психиатриялық тесттен өтуі тиіс. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша биологиялық және сот-психиатриялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша заңды шешім шығарылады. Ол қорытынды бір айда дайын болады.

Еске салайық, алдыңғы жаңалықтарымызда өз баласын өлімші етіп сабап тастаған ананың әрекеті жайлы айтқан болатынбыз. Денесі қызыл-жоса қан болған 7 жастағы жеткіншек жайлы түсірілген мына бейнеролик интернетке шығып, желідегі жұрттың жағасын ұстатты. Ал баласын ұрды деген күдікпен тергеуге алынған 42 жастағы шешесі өз үйінде. Құзырлы орындарға түсінік берген шеше ұлын тәртіпке шақыру үшін таяқтың астына алғанын айтқан. Ал бүлдіршін балаларды бейімдеу орталығына осыдан 2 апта бұрын тапсырылған болатын. Тергеу амалдары біткенше, бала орталықта қалмақ. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ