$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Астана қаласының тұрғыны интернет алаяқтардың қолына 150 мың долларды ұстатты

AstanaTV
20.07.2015ж. 20:00
1085
Астана қаласының тұрғыны интернет алаяқтардың қолына 150 мың долларды ұстатты

Шет елдік банктен төмен пайыздық үстемемен 4 млн еуро несие алуға дәмеленген астаналық азаматша интернет алаяқтары шотына 150 мың доллар қаражат аударып, сан соқты.

Виртуалды делдалдар азаматшаға қомақты несие алуға көмектесуге сөз берген. Астана қаласының ІІД азаматтарды онлайн сауда қызметтерін пайдалануда сақ болуға шақырады.

София Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Астана қаласының тұрғынынан арыз келіп түсті, ол шет елдің бір банкінен 2 проценттік төмен үстемемен несие алу үшін, түрлі комиссиялар төлеу үшін, 150 мың доллардан астам аударған. Екінші факт - интернет сайт арқылы тауарға тапсырыс берген, ол үшін ол 3 мың доллар ақша аударған, келесіде аударған ақшасы 16 мың доллардан асады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ