Қызылорда облысы Арал ауданының ішкі істер бөлімі бастығы қылмыстық істі
қысқарту үшін 300 мың теңге пара сұратқан деген күдікке ілікті. Бұл
жайында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу
басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ягмусов хабарлады. Аталған құзырлы
басқарма жүргізген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, шенеунік өзі
қызмет атқаратын мекемесі алдында пара алып жатқа жерінде ұсталған.
Қазір
полковник уақытша ұстау изоляторында. Оның кінәсі дәлелделген жағдайда үш
жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ. Жалпы, аймақта жыл басынан
бері 34 парақорлық фактісі тіркеліпті.
Руслан Ягмусов, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметтің басқарма басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлімі, яғни пара
алу дерегі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шарпа САҚТАПОВА