Асыл
тұқымды сиырлар мен бұқалардан соң Қазақстанға енді асыл тұқымды қой-қошқарлар
жеткізілетін болады. Елімізде ұсақ малдың тұқымын асылдандыру бағдарламасы
жүзеге асырыла бастады. Енді шаруалар
қалтамыз қағылады деп қорықпастан, асыл тұқымды қой-қошқарларды сатып алуға мүмкіндік алды. Толығырақ тілші
бейнематериалында.
Ербол
Шакеровтің шаруа қожалығы 8 жылдан бері қой өсірумен айналысып келеді. Осы
уақыт аралығында мал басы көбейгенімен, тұқым сапасы төмендеп кетті, - дейді шаруа.
Таяуда ол 270 бас асыл тұқымды қой мен 20 қошқар сатып алды. Басты мақсат - өз
отарында тұқым жаңалау.
Владимир
Белоусов, шаруа қожалығының басқарушысы:
Тұқымды әрдайым жаңалап отыру
керек. Мұны
үнемі жасап отырсақ, малдың өнімділігі де жасқара түседі. Ал, егер мұндай
жұмыстар жүргізілмесе, онда тұқым тым ұсақталып кетеді. Сондықтан бұл жұмыс ең
алдымен өзімізге керек деп айта аламын.
Шаруа
қожалығының басшысы асыл тұқымды қой сатып алуды бұрыннан жоспарлап жүргенін
айтады. Алайда, қаражаты тапшы болған. Ал жаңа «Алтын асық» бағдарламасы іске
қосылған соң, Ербол Шакеров ойланбастан оның көмегіне жүгінді. "Өйткені мұндай
мүмкіндік кездесе бермейді", - дейді шаруа.
Ербол Шакеров, шаруа
қожалығының басшысы:
«Алтын асық» деген бағдарлама
өте жақсы болды. Соның
арқасында қой алдық, асыл тұқымды қошқарлар әкелінді. Жеңілдігі де мол. Өте
тиімді, әрі бізге өте қолайлы екен.
Қазақстанда
осыған ұқсас бағдарлама бұған дейін де жүзеге асырылған. «Сыбаға» деп аталған
бағдарлама тек ірі қара малды асылдандыруға арналды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндірушілер мұның оң нәтиже бергенін айтады. Сондықтан, ұсақ малдың тұқымын
асылдандыру үшін, осындай бағдарламаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Бұл
бағдарламаның операторы - аграрлық несие
корпорациясы.
Кирилл
Жүнісов,
ШҚО бойынша аграрлық несие корпорациясы филиалының директоры:
«Алтын асық» бағдарламасының негізгі мақсаты - шағын және орта шаруа
қожалықтарын қолдау. Және де ет экспортын ұлғайту.
Айта
кету керек, 1991 жылы Қазақстан ең ірі қой етін экспорттаушы 10 мемлекеттің
қатарында болған. Өкініштісі, бұл дәрежеден айырылып қалдық. Алайда, енді жаңа
«Алтын асық» бағдарламасының арқасында шаруаларымыз әлемдік нарықта отандық
өнімнің үлесін арттырарына сенімді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ