$525.87 €614.37 ₽6.72
×

9 маусым - Ақтөбедегі террорлық әрекетке байланысты Қазақстанда ұлттық аза тұту күні

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1670
9 маусым - Ақтөбедегі террорлық әрекетке байланысты Қазақстанда ұлттық аза тұту күні

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 9 маусым Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Ақтөбедегі террорлық әрекетке байланысты бүкіл қазақстандықтар аза тұтып жатыр. Бүгін Астанадағы орталық саябақта орналасқан алып Тудан бастап, Ақорданың алдындағы және барлық мемлекеттік мекемелерге ілінген көк Байрағымыз төмен түсірілді. Ойын-сауыққа құрылған мерекелік шараларға тыйым салынды. Бұл күні сондай-ақ электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы көңіл көтеретін бағдарламаларды көрсетуге, түрлі жаранамаларға да шектеу қойылды.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде теракт орын алды. Салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ