$526.5 €611.64 ₽6.72
×

ОҚО 12 жаста жүкті болғандар туралы дерек расталмады

AstanaTV
21.07.2015ж. 20:00
1803
ОҚО 12 жаста жүкті болғандар туралы дерек расталмады

Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа жетпей, жүкті болған қыздар арасында 12 жастағылар жоқ. «Бүгін қайта санап шықтық» деген өңірдің денсаулық сақтау басқармасы өкілдері кеше жарияланған ақпарды бүгін теріске шығарып отыр. 

Жүктілік есебінде тұрған аяғы ауыр жас аналардың ең жасы... он төрт жаста болып шықты. Мұны біздің арна тілшілеріне басқарма басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Айгүл Сапарғалиева мәлімдеді. Дегенмен нақты санын дәрігерлік құпиялылыққа байланысты ашып айтпады.

Еске салайық, кеше Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бексұлтан Тұтқышев Оңтүстік Қазақстан облысында 12 жасқа толмаған бірнеше қыздың аяғы ауыр деген ақпарат жариялады. Бірақ Айгүл Сапарғалиева мұны жаңсақ кеткен ақпарға балайды. Оның ойынша, 12 жастағы қыз балалардың бала көтеруі екіталай.

Айгүл Сапарғалиева, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы:

Бүгінгі таңда ОҚО-да төрт жүзден астам жүкті әйел бар кәмелетке толмаған. 14-18 жас аралығында. Барлық әйелдер жүктілікпен есепке тұрған. Ол жүктілік «желанный» болып есептелінеді. Өйткені отбасын құрып, кәмелетке толуын күтіп, содан кейін тіркеуін күтуде. 12 жастағы жүкті әйел бізде тіркелмеген, бүгінгі таңда регистрде жоқ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ