Шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуде Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев
үздік отыздыққа апаратын, Президент нақтылап берген 100 нақты қадамға басымдық
берді. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысын да баяндады.
Уәлихан Бишімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
100 нақты қадам - ол әр адам қатысатын қадам. Ол бес институционалды
реформа. 100 нақты қадам, соның ішінде шағын орта бизнес. Шағын орта бизнес, инновация арқылы даму, оның адам капиталы, соған қатысу. Бәсекеге қабілетті
болу - ол бизнеске қабілетті болу керек. Онан кейін адам да қабілетті болуы керек.
Білім саласын жетілдіру. Онан кейін білім саласын жетілдіру болғанда, ол қазіргі
заманға сай кадрларды дайындау.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ