$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Қарағандыда бір апта бойы жарықсыз отырған үйлерге электр қуаты берілді

AstanaTV
21.07.2015ж. 20:00
1239
Қарағандыда бір апта бойы жарықсыз отырған үйлерге электр қуаты берілді

Қарағандыда бір апта бойы жарықсыз отырған көп қабатты үйлерге электр қуаты қайта берілді. Екібастұз көшесіндегі 8 үйдің электр желісін «Қарағанды Жарық» компаниясының қиып кеткенін жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Осыдан кейін аталған серіктестік тұрғындармен ортақ мәмлеге келген. «Қарағанды Жарық» қарызды кешіріп, тұрғындармен жаңа келісімшарт жасасуда. 

Иван Коренов:

Әділдік енді орнады. Қазірден бастап, бүкіл үйге жұмсалған жарық ақысын төлеуге әзірміз. Ойдан шығарылған қарыздар жоқ. Компания өз әрекетінің дұрыс еместігін түсінді.

Алексей Хижняк, «Қарағанды жарық» ЖШС заң бөлімінің бастығы:

Тұрғындар жалпы бүкіл үйге жұмсалатын электр қуатының ақысын төлемей келді. Енді олармен келісімшарт жасасып, төлетеміз. Бұл баяу жүретін процесс, өйткені халық түсінбей жатыр. Түсіндіреміз, уақыт береміз. Заңды орындамаған жағдайда ғана, токтан ажыратамыз.

Еске салсақ, «Қарағанды Жарық» мекемесі екі апта бұрын Екібастұз көшесіндегі көп қабатты үйлерді электр желісінен ажыратып тастаған болатын. Сөйтіп, тұрғындардан жылдар бойы жалпы үйге жұмсалған электр қуатының ақысын төлеуді талап еткен еді. Алайда, жеке есептегіш құрал көрсеткен киловатт үшін ақшасын беріп отырған жұрт, монополиске артық қаражат бермейтіндерін айтты. «Қарағанды Жарық» компаниясы бұрынғы қарызды кешіретіндерін айтқан, есесіне алдағы айдан бастап жалпы шығынды төлеуге келісім берді. Жарыққа жауыпты компания дерегінше, қаладағы 1 мың 800 үйдің 10 пайызы ғана бүкіл үйге жұмсалған электр қуатына ақша төлейді екен. 

Айжан ҚУАШ