Қазақстан
Жоғарғы соты төрағасы судьяларды "айыпталушыларды ақтап алудан
қорықпауға" үндеді. Қайрат Мәмидің сөзінше, елімізде шыққан сот
үкімдерінің тек екі-ақ пайызы оң шешіледі. "Іске төрелік еткен судья
мақсатты түрде айыпталушыны ақтамауы тиіс, десе де жаппай жазалау да жөн
емес", - деді төраға.
Отандық сот жүйесін жетілдіру мақсатында елімізде
бірқатар реформалар орындалады. Жаңа жылдан бастап облыстық соттардан
кассациялық сот құзіреті алынып, толықтай Жоғарғы сотқа өтеді. Еліміздің
атқарушы органы еуропалық стандарттарға көшуді көздейді. Бұған дейін өңірлік
және оған теңестірілген соттар үш судья құрамында сот шешімін қайта қарау құзыреттігіне
ие болса, енді олар тек сот барысында берілетін апелляциялық шағымдарды ғана
қарастыра алады.
Ақылтай
Қасымов, ҚР Жоғарғы соты судьясы:
Бүгінгі
күнде үш сатылық болады. Жобада заңда солай көрсетілген. Бұл заң биыл
әзірленіп, келесі жылы бірінші қаңтардан күшіне кіріп, жұмыс басталуы керек.
Надзор деген Жоғарғы сотта болмайды, кассация Жоғарғы сотқа көшеді, облыстық
соттың ішінде бір-ақ саты болады - апелляциялық. Қазіргі күнде екі саты. Соған
көп күмән келтіріп, әр түрлі пікір айтылып жүрген. Ол енді бүгінгі күнде әлі
осылай, келесі жылы сол еуропалық стандартқа жеткілікті болады.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ
}