$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Суицидтің алдын алуға арналған ЮНИСЕФ бағдарламасы Қызылорда облысында бастау алды

AstanaTV
22.07.2015ж. 20:00
6729
Суицидтің алдын алуға арналған ЮНИСЕФ бағдарламасы Қызылорда облысында бастау алды

Жасөспірімдер арасында суицидті алдын алуға арналған ЮНИСЕФ бағдарламасы Қызылорда облысында сынықтан өтеді. Бұл туралы БҰҰ балалар қорының Қазастандағы өкілі Юрий Оксамитный мәлімдеді. 

Жылдар бойы зерттеліп, әзірленген бағдарлама бойынша ұстаздар қауымына жасөпірімдермен дұрыс жұмыс істеу әдістемесі үйретіледі. «Үлгерімі төмендеген жағдайда да оқушының психикалық ахуалына бірден назар аударған жөн», - дейді, ЮНИСЕФ өкілі. Аталмыш бағдарлама елдің өзге де өңірлеріне таралады. Соңғы 50 жылда әлемде өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 60 пайзыға өскен. Дүние жүзінде 10 мен 24 жас аралығындағы жастардың қыршын кетуінің екінші басты себебі - осы суицид. Соңғы 15 жылда елімізде қауіпті дерттің салдары 37 пайызға азайыпты. Десе де, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан суицид асқынып тұрған 20 елдің санатында. 

Юрий Оксамитный, БҰҰ Юнисеф ұйымының Қазақстандағы өкілі:

Бағдарлама, біріншіден, балалармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Жан саулығын тән саулығанан кем көрмеуді ұқтыруды көздейді. Балаларға психикалық денсаулық деген не және оны қалай сақтау керек, қиын кезеңнен қалай өту керек, қауіп-қатер тудыратын мінез құлықтан қалай құтылу керек, қайдан көмек іздеу керек екенін дұрыс түсіндіретін бағдарламалар өзіне өзі қол жұмсауды 50 пайызға азайтатыны дәлелденген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ