$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Мәңгілік ел» сериясының картиналары тағы үш суретпен толықты

AstanaTV
22.07.2015ж. 20:00
2261
«Мәңгілік ел» сериясының картиналары тағы үш суретпен толықты

«Мәңгілік ел» композициясының сериясы тағы үш суретпен толықты. Астанадағы Ұлттық музейде қазақ тарихын бейнелейтін триптих таныстырылды. Композицияның бірінші бөлігінде сюжет Жәнібек және Керей хандар бейнелері негізінде құрылған. Триптихтің екінші бөлігі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы - «Жеті жарғыға» арналған. Композицияның көркемдік түйінін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті құрап тұр. Осы жұмысқа бас аяғы 130 млн теңгедей қаржы кеткен.

 Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

130 млн теңге. Біз, шын айтқанда, калькуляцияны аса мұқият қадағаладық. Шын айтқанда, осы қаражат тек қана бояу жұмыстарға ғана кетті. Ал негізінен олардың жұмыстары өте қымбат тұрады, авторлық.

Авторлардың ойынша, композиция 16 бөліктен құралады. Алда әлі сақтар дәуірі мен түркі заманынан бергі тарихымызды қамтитын тағы 10 картина салынбақ. Технологиясы - бейнелеу өнеріндегі классикалық әдістемемен орындалған. Суретті белгілі қылқалам шебері Ерболат Төлепбай бастаған алты бірдей белгілі суретші салып шықты. Бірақ суретшілер қаламақыларының көлемін құпияда сақтап қалды.

Қазақбай Әжібекұлы, кескіндемеші, ҚР суретшілер одағының мүшесі:

Өзіңіздің еңбегіңіз қаншаға бағаланды? - Оны да айта алмаймын. 15 жыл бұрын проект басталған. Елбасы өзі бекітті. Сосын 6 жыл бұрын осыны қолға алдық.

Айгүл ӘДЕПБАЙ