Қазақ хандығының 550 жылдығына орай сериал түсіруге бөлінген ақша таусылған
жоқ. Қаржы тапшылығына қатысты бұған дейін тараған ақпаратты Мәдениет және
спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жоққа шығарды. Тарихи сериал
түсіруге барлығы 5 млн доллар бөлінген. Министрдің сөзінше, бүгінге дейін
түсіру тобы бұл соманың тек 30 пайызын жұмсап үлгеріпті. Мұхамедиұлы бірінші
транштың қайда жұмсалғанын өзі қадағалаған. "Қазір костюмдер тігулі, дайын
тұр. Ал екі айдан бері актерлардың әзірлігі пысықталуда", - деген министр,
шығармашылық топтан сапалы көркем туынды күтетінін және жұмыстардың кестеге сай
жүріп жатқанын айтты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Қаржыландыру басталғанда алдымен фильм құнының 30 пайызы бөлінеді. Есеп
берілген соң екінші транш беріледі. «Қазақфильм» басында бөлінген 30 пайыз
бойынша есеп берген жоқ. Олар 5 млн доллардың 1,5 миллионын ғана жұмсады. 5 млн
доллар бітіп қалды деген қате ақпар.
Ал «Астана Опера» ұжымы «Абай» қойлымын жаңаша сахнамалақ. Онда бас
кейіпкердің тар үйі мен кедей кепшіктердің жұпыны тіршілігі мүлдем
көрсетілмейтін болыпты. 1944 жылы көрерменге алғаш ұсынылған спектакльдегі көз
үйренген көрінстерді түбегейлі өзгертуге италиялық режиссер кеңес берген.
Қойылым социалистік реализмнен бөлек, ұлы ақынның болмысын ашып көрсетуді
көздейді. Премьера 25 қыркүйекке жоспарланып отыр.
Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры
директоры:
«Абай» операсы алғаш 1944 жылы сахналанды. Ол социалистік реализм
заманы-тын. Операны көрген сайын, менің халқым шынымен осындай ма, деген ой
маған да келетін. Ол байлар мен кедейлер бөлінісіне құрылған еді. Маған
италиялық режиссер: «"Бұлай болмайды. Абайдың әлемін көрсету керек. Неге
ол мұндай тар үйде тұруы керек? Бұл этнографиялық емес, фольклорлық спектакль
ғой, бәрін өзгертейік», - деген ұсыныс айтты.