$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Елордада «Мектепке жол» акциясы бастау алды

AstanaTV
03.08.2015ж. 20:00
1096
Елордада «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Елордада бүлдіршіндерге мектепке қажет оқу құралдары және киімдер тегін берілді. Бұл игі іс Астанада бастау алған республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылуда. Биыл мұндай шара сегізінші рет өткізіліп отыр.

Астана қалалық Білім басқармасының мәліметінше, аталмыш акция аясында осы күнге дейін 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 277 миллионға жуық теңгеге көмек көрсетілген. Акцияның мақсаты - оқуға тартылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен  жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.

Биыл Астанадағы 77 мектепте білім алатын балалардың саны 115 мыңға жетуі ықтимал. Соның ішінде 17 мыңнан астамы - бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндер. Қазіргі күні 2 мыңнан астам балалар көмекке зәру. Оларға қалалық білім басқармасынан басқа қайырымдылық қорлар және демеушілер материалдық көмек көрсетуде. Акция бірінші тамыздан отызыншы қыркүйекке дейін жалғаспақ.

Ляззат Орынбасарова, Астана қаласы білім басқармасы балалар құқығын қорғау бөлімі басшысы:

Көмекке зәру отбасылар негізі барады. Мектепте өтініштерін жазады қыркүйектің басында. Қажетті құжаттарын тапсырады. Сол кезде сол мектепке қаражат бөлініп отыр мына жалпы оқумен қамту қорынан. Сол жерде мына әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, сөмкелер беріледі.

Берік ХАСЕНОВ