$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шықты

AstanaTV
24.07.2015ж. 20:00
1224
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шықты

Бүгін Алматыда контарбандамен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты үкім шықты. Трансұлттық топтың құрамында 22 адам болған. Олардың тек 7-уі ғана Қазақстан азаматы болып шықты. Қалғандары Қырғыз құжатын иеленген. Олар аса ірі көлемдегі экономикалық контарбандаға жол берген деп айтыпталып отыр.

Топ басшысы деп танылған әскери қызметкер, майор Серік Махамбетәлиев 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Онымен бірге тағы 3 әскери қызметкер темір торға қамалатын болды. Олардың мүліктері тәркіленіп, шендерінен айырылды. Ал жүк көлігін жүргізушілер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Басшылардың тапсырмасын орындадым деген екі әскери азамат сот залынан босатылып, құқық қорғау қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Еске сала кетейік, ұйымдасқан қылмыстық топ 2014 жылдың қараша айында Қырғызстаннан Қазақстанға 14 жүк көлігімен халық тұтынатын контрабандалық тауарларды өткізбек болған.

Баязид Дәрібаев, арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери сотының қылмыстық істер бойынша судьясы:

2201 әскери бөлімінің майоры Серік Махамбеталиевтің ісін қарай отырып, қызметін асыра пайдаланып, ел заңын белден басқаны үшін, ҚР Қылмыстық кодексінің 380 бабының 2 тармағы, 209 баптың 3 бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық мүлігі тәркіленіп, майор шенінен айыру тағайындалды. Ол өз жасазын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Айгүл ЕРМАХАН