$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске судья да қатысқан

AstanaTV
24.07.2015ж. 20:00
1854
Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске судья да қатысқан

Шымкентте түнгі клубта кісі өлімімен аяқталған төбелеске судья да қатысқан. Бұл ақпаратты бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы растады.

Төраға Нұрсерік Шәріповтың мәліметінше, 28 жастағы әл-Фараби аудандық сотының судьясы Бағдат Балтабаев шілденің 19-ы түнгі клубта туған күнін атап өткен. Оның қонақтары, өзі сияқты түнгі клубқа келген өзге меймандармен, жаға жыртысқанын айтты. Сондай-ақ, «осы келеңсіздіктен соң, аудандық соттың судьясы сот процестеріне қатыстырылып жүрген жоқ, бірақ жұмыс орнында», деп нақтылады сот төрағасы. Орын алған жағдайдан соң қызметтік тексеру жүргізілген.

Нұрсерік Шәріпов, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

Судья өзін тек қана қызмет барысында емес, қызметтен тыс уақытта да жалпы моральды бұзбайтын, сот әдебі нормаларын бұзбайтын жағдайда өзін ұстау керек. Сондықтан сот этикасы жөніндегі комиссия шешім қабылдап «Оның әрекетінде кодекс талаптары өрескел бұзылды» деп шешімге келді. Мен іссапардан келгеннен кейін ҚР Жоғарғы сотының сот жюриларына судьяға қатысты ұсыныс енгіздім. Бүгінгі таңға судьяның ісі Жоғары сотта осы жағдайға байланысты, бүгін әлі мәлімет алып үлгерген жоқпын, судьяның өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылуда.

Еске салайық, түнгі клуб маңында екі топ арасындағы төбелес сенбіден жексенбіге қараған түні орын алды. Ғимарат ішінде басталған дау тысқа шығып өршіген. Салдарынан 21 жастағы жігіт травматикалық тапаншадан екі рет атылған оқтан оқиға орнында жан тапсырды.

Қазір осы қылмысқа күдікті ретінде алты адам қамауда. Олардың бірі - «Кісі өлтіру», өзгесінің үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, қамауға алынған сезіктілердің бірі - полиция капитаны. Ішкі істер департаментінің дерегінше, ол түңгі клубта болған төбелестің басы-қасында бола тұра, ешқандай шара қолбанбағаны үшін жауапқа тартылмақ.