$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ұлттық Ұлан сарбаздары Ақтөбеде қаза тапқан әскерилерді еске алды

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1698
Ұлттық Ұлан сарбаздары Ақтөбеде қаза тапқан әскерилерді еске алды

Ұлттық Ұлан сарбаздары да Ақтөбеде қаза тапқан әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаралы жиынға Ұлттық Ұланның Бас басқармасы мен жеке құрамы түгел қатысты. Әскерилер ерлікпен ажал құшқан әріптестерінің суреттері қойылған алаңға гүл шоқтарын қойды. Ұлттық Ұланның ардагерлері марқұм әскерилерге «батыр» деген жоғары бағасын берді.

Өмірзақ Болсамбеков, ҚР Ішкі істер органдары мен «Ұлттық Ұлан» ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Егеменді еліміз үшін, халқымыз үшін ерлік жасап, батырлық жасап қылмыскерлердің қолынан қаза болып отыр. Бауырларымыздың туыстарына, әке-шешелеріне, Қазақстан Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан кеңесінің атынан көңіл айтып, сабырлық тілеп, сол бауырларымыздың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын деп, артында қалған ағайын туған-туыстарына, бауырларына ұзақ өмір, жақсылық берсін деген ниетпенен келіп отырмын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ