$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Баспана бағасы өсу үстінде

AstanaTV
27.07.2015ж. 20:00
1907
Баспана бағасы өсу үстінде

Қазақстанда баспана бағасы әлі де өсу үстінде. Статистика комитеті соңғы бір жыл ішінде құрылыс нарығындағы баға 2,5 пайызға артып кетті деген дерек келтіреді. Мысалы, өткен айда құрылыс саласындағы баға индексі былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 0,5 пайызға өскен.

Ал, құрылыс-монтаждау жұмыстары маусым айында 0,2 пайызға көтеріліпті. Машина мен құрылғылар биылғы мамыр айымен салыстырғанда 0,7 пайызға қымбаттаса, басқа да қызмет түрлері бір айда 0,1 пайызға өскен. Қысқасы, бағадағы өсім бір жылда 4,5 пайызға жетіп отыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ