Түркияның
Сириямен шекаралас Каркамыс қаласының тұрғындары түн ортасында тұрғылықты мекен
жайларын тастап қашуға мәжбүр болды. Олар Ислам мемлекеті аталып жүрген
экстремистік топтың шабуылынан қауіптеніп осындай қадамға барып отыр.
Талат
Йылмаз, Каркамыс қаласының тұрғыны:
Біз Сириядағы
туыстарымыздан телефон арқылы хабар алдық. Олардың сөзінше, Ислам мемлекеті
аталып жүрген топтың содырлары Каркамыс қаласына шабуыл жасамақшы. Сондықтан
адамдар көліктеріне отырып қаладан үдере көшуде.
Түркияның
ақпарат құралдары, экстремистер Сириямен шекаралас аумақтағы Джараблус
қаласында окоп қазып жатқандықтары жөнінде хабарлады. Өткен жексенбі күні түрік
әскерилері шекараның Сирияға қарасты жағында ауыр техникамен жер қазған
адамдарды көріпті. Алайда ол адамдардың террористерге қатысы бар-жоғы нақты
белгісіз.
Десе де, Түркия әскері жоғары қауіп тәртібіне көшіп, шекараға арнайы
жасақ күштері тартылды. Олар ауқымды антитеррорлық операцияға дайын
екендіктерін мәлімдеп отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ