Толассыз жауын-шашын салдарынан Қытайдың екі қаласын су басты. Елдің
оңтүстік аймағында үш күн қатарынан жаңбыр жауған. Бэйхай қаласының көшелерін
су басып, көлік қозғалысы толықтай тоқтады.
Рейтерстің хабарлауынша,
жауын-шашын мөлшері 500 миллиметрге жеткен. Қаланың жер асты су құбырлары
бұзылып, көптеген асфальт жолдар опырылып түсті. Қала әкімшілігі құбырларды
жөндеуге кем дегенде 5 күн қажет дейді.
Сондай-ақ елдің солтүстік-шығысындағы
Хэган қаласы да тасқын судың астында қалды. Ондағы ең үлкен Сюй Сян шахтасынан
6 жұмысшы құтқарылған. Шахта осыдан бір апта бұрын су астында қалған еді. Хэган
қаласында табиғаттың тосын апатынан көз жұмғандар саны төрт адамға жетіп отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ