$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Алматы облысындағы тауларда сел қайталануы мүмкін

AstanaTV
27.07.2015ж. 20:00
1560
Алматы облысындағы тауларда сел қайталануы мүмкін

Ал география ғылымдарының докторы, профессор Игорь Северский, БАҚ өкілдеріне селдің қайталануы мүмкін екенін айтты. Алдағы екі аптада аптап ыстық сақталатындықтан, таудан келер қауіп барын жасырмайды. Өйткені көлдердегі мұздақтар қатты ыстықтан еруі мүмкін. Бұл өз кезегінде су деңгейінің мөлшерінен асып тасуына ықпал етпек.

Қазір апатты аймақтарды "Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары жіті бақылауда. «Дегенмен табиғи апаттың алдында адамзат қашанда дәрменсіз», - дейді профессор Игорь Северский. 

Игорь Северский, география ғылымдарының докторы, профессор:

Табиғи апаттың қайталанбауына ешкім кепіл бола алмайды. Дегенмен апатты аймақты бақылап отырған мамандарға халық сенуі тиіс. Қазір селден қорғайтын құрылғылар бар. Күні кеше Талғарды су басу қаупі бар дегенде, тасқыннан қорғайтын бөгет жұмысының арқасында селге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Бөгеттің беріктігінен табиғи апаттың алдын алдық.

Айгүл ЕРМАХАН