Атырауда өз қарындасын үш жыл бойы зорлап келген педофилге үкім шықты. Облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың дерегінше,
айыпталушы хайуандық әрекетін мойындамаған. Әйтсе де, жан-жақты жүргізілген сот
сараптамалары оның кінәсін толығымен дәлелдеп шықты.
28 жастағы педофил
Қызылқоға ауданында тұратын әкелері бөлек болғанмен, бір анадан туған
қарындасына 12 жасынан бастап күш көрсетіп, 3 жыл бойына арам ойын іске асырып
келген. Анасының науқастығын пайдаланған азғын қарындасын үнемі қорқытып
отырған. Айыпталушы мамыр айында күдікті ретінде қамауға алынды.
Екі баласы бар
азғынның жүзінен сот отырысында ешбір өкініш байқалмады. Үкімді де салқынқанды
тыңдады. Сот үкімімен ол сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті үшін
кінәлі деп танылып, жазасын 17 жыл қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.
Жұмағали Ташимов, Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық
сотының судьясы:
Сот үкімімен ҚР ҚК 120-бабының 4-ші бөлігімен, 120-бабының үшінші бөлігінің
үш тармағымен, 121-бабының 4-бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп
танылып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ