$494.95 €525.49 ₽5.05
×

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мәлімдеді

AstanaTV
28.07.2015ж. 20:00
1020
Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мәлімдеді

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев сотқа дейінгі тыңдауда экс-премьер-министр Серік Ахметовке жала жапқанын мәлімдеді. Айыпталушы мұндай әрекетке моральдық-психологиялық қысымның салдарынан барғанын мойындап, өзінің тергеу барысында жасаған мәлімдемесін жоққа шығаруды сұрады. 

Айта кетейік, бір кездері лауазымды қызметтер атқарған бірқатар шенеуніктердің ісіне қатысты сотқа дейінгі алдын ала тыңдау бүгін де жалғасты. Отырыста қорғаушылар аймақтың бұрынғы басшысы Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұловтарды үй қамаққа алу немесе мүліктерін кепілге қою арқылы уақытша қамаудан босатуды сұрады.

Алайда, судья мұны қанағаттандырған жоқ. Сот өзге 18 айыпталушыны да қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді. Олардың барлығы сыбайлас жемқорлық, пара алу, кәсіпкерлікке араласу, жер телімдерін заңсыз үлестіру деректері бойынша айыпталып отыр. Аты шулы іске қатысты басты сот отырысы 10 тамызға белгіленді.

Айжан ҚУАШ