$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Алматыда күн күрт ысып, өрт қаупі артты

AstanaTV
09.06.2016ж. 20:00
1691
Алматыда күн күрт ысып, өрт қаупі артты

Алматыда өрт қаупі артып келеді. Аптап ыстыққа байланысты, құрғаған шөптердің тұтануы жиілеуі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі халық арасында түсіндіру жұмыстарына кірісті. Соңғы айларда Алматыда тамақтану орындары мен тұрғын үйлерде өрт жиілеген. Бүгінде 140-тан астам нысан өрт қауіпсіздігіне тексерілді. Ал жыл басынан бері шаһарда 297 өрт оқиғасы тіркелген.

Айта кетейік, Алматыда 13 маусымға дейін аптап ыстық сақталмақ. «Қазгидромет» өкілдері ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтуда.

Александр Рау, Алматы қаласы өрт сөндіру қызметінің зертхана басшысы:

Алматыда тіркелген өрт оқиғаларының дені мекемелер мен ойын-сауық орындарына тиесілі. Күзетшілер немесе мекеме жетекшілері өз күшімен өшіруге талпынып, отты өршітіп жібереді. Ал жер үйлерге қатысты өрт қауіпсіздігі екінші орында тұр. Аптап ыстыққа байланысты халықтан өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды сұраймыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ