Сириялық күрдтер ДАИШ содырларынан Саррин қаласын
қайтарып алды. Бұл туралы Сириядағы адам құқығын бақылайтын орталыққа сілтеме
жасап, Рейтерс агенттігі хабар таратуда. Қаланы қайтарып алуда күрдтерге
АҚШ-тың әскери әуе күштері көмекке келген сыңайлы.
Айта
кетейік, Саррин - Евфрат өзенінің жағасында орналасқан шаһар. Бұл
жерді лаңкестер Кобани қаласына шабуыл жасау мақсатында «әскери алаң» ретінде
пайдаланып келген еді. Қазіргі уақытта АҚШ пен Түркия әскерилері арнайы жоспар
жасауға кіріскен. Аталған жоспар Сирия мен Түркия шекарасында содырлардың
террористтік әрекеттерінен «азат ету аймағын» құру мақсатын көздейді.
Берік
ХАСЕНОВ