Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовке ғылыми
зерттеу жұмыстарымен айналысу міндеті жүктеледі. Сапар барысында қазақ
ғарышкерінің алдына қойылатын негізгі міндеттер туралы Алматыда өткен
баспасөз мәслихатында белгілі болды. Қазір он түрлі ғылыми тәжірибенің
тұжырымдамасы «Роскосмостың» қарауына ұсынылған.
Қазақстандағы ғарыштық
зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы Каспий аймағында орналасқан
ұңғымалардағы көмірсутек қалдықтарын, ғарыштағы гамма-сәулелерінің адам
ағзасына әсерін зерттеуді ұсынған. Айымбетовке бұдан бөлек тағы да бірнеше
ғылыми тәжірибелер жасау міндеті жүктелетін болады,- дейді ұлттық орталық
мамандары.
Сондай-ақ жерлесіміз өзге де экипаж мүшелерімен бірге қазақтың
ұлттық тағамдарынан ауыз тимек. Яғни ғарыш кеңістігінде олар ұлтымыздың ет,
айран және ірімшік сияқты жеңсік астарының дәмін татады.
Айта кетейік, Айдын
Айымбетов «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2 қыркүйек күні сағат 10.00-де көкке
көтеріледі.
Жұмабек Жантаев, ғарыштық зерттеулер және
технологиялар ұлттық орталығының президенті:
Ғылыми бағдарламалар қазір Ресей жағымен
келісіліп жатыр. «Роскосмостың» талабы негізінде біз 10 жоба ұсынып отырмыз.
Енді жақын күндері олардан жауап алатын боламыз. Жалпы 10 түрлі тәжірибені
жүзеге асыру үшін, 10 тәулік уақыт беріліп отыр. Бұл техникалық жағынан мүмкін
нәрсе. Сондықтан Айдын Айымбетов қазір ғалымдармен тығыз жұмыс істеп
жатыр.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ