$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ресей «Boeing» апатына қатысты халықаралық трибунал қарары жобасына қарсы дауыс берді

AstanaTV
30.07.2015ж. 20:00
1424
Ресей «Boeing» апатына қатысты халықаралық трибунал қарары жобасына қарсы дауыс берді

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өткен жылғы шілдеде Украина аумағында атылған малайзиялық Boeing-ке қатысты тергеудің халықаралық трибунал қарары жобасына қарсы шықты. Дауысқа салу барысында ұйымның 11 мүшесі жобаны қолдаса, Ресей қарсы дауыс берді. Қытай, Венесуэла және Ангола қалыс қалды. Осылайша, халықаралық трибунал жөніндегі шешім ашық күйде қалып отыр.

Ұйымның тұрақты мүшесі ретінде қарарға қарсы шыққан Ресейдің өз нұсқасы бар. Шенеуніктердің сөзінше, апатқа қатысты халықаралық жазаны бекітпес бұрын, оның қандай себептермен орын алғанын, және кінәлілерді анықтау қажет. Ресейдің БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі, авторлар қарарды тым саясиландырып, оны қабылдау бойынша асығыстық танытып отыр, деген пікірде.

Виталий Чуркин, Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі:

Тергеу біріккен топтардың мүшелерімен жабық түрде өтуде. Ұйымға мүше бес мемлекет арасында тергеу бойынша ақпаратты жария етпеу жөнінде шешім қабылданған. Бұл жағдайда тергеудің әділ өтеріне кім кепіл? Тергеу БАҚ-тың сыңаржақ насихатына төтеп бере ала ма? Апаттың себептерін анықтау мен кінәлілерді тергеу әлі аяқталған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ