Соңғы
3 жылда еліміздегі балалар үйлерінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің
зорлық-зомбылық көру оқиғалары екі есеге төмендеді. Бұл туралы бүгін Орталық
коммуникациялар қызметінде «SOS Астана балалар ауылы» мекемесінің өкілдері
мәлімдеді. Олардың айтуынша, үлкендерден жәбір көру фактілері, керісінше, туған ата-аналарымен бірге тұратын балалардың
басында жиі кездесетін көрінеді.
Зауреш
Арыстанова, «SOS Астана балалар ауылы» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің
директоры:
Бала
тәрбиесімен айналысатын институционалды мекемелерде бұл көрсеткіш төмендеді.
Зорлық-зомбылық жиірек биологиялық ата-аналарымен тұрып жатқан балаларға
қатысты жиі жасалады. Көп жағдайда бұл әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар.
Сондықтан алдын-алу жұмыстары осындай
отбасылармен жүргізу керек.
Білім және ғылым
министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті бас маманының сөзінше, соңғы бес
жылда еліміз бойынша жетімдер саны 85 мыңнан 32 мыңға дейін қысқарды. «Жыл сайын ата ана қамқорлығынсыз қалған балалар
қатарының 10 пайызға төмендеу үрдісі байқалады», - дейді мамандар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ